Ыстанбұлда Түркітілдес елдердің сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамытуға бағытталған халықаралық конференция басталды

975

Жиынға Түркітілдес елдердің сауда және экономика министрлері қатысуда. 

Ыстанбұлда Түркітілдес елдердің сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамытуға бағытталған халықаралық конференция басталды

Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында Түркия және Түркітілдес елдер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған халықаралық конференция басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Шараны Түркия елінің Сауда министрлігі мен Сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі DEIK кеңесі бірлесе өткізіп жатыр. Жиынға Түркітілдес елдердің сауда және экономика министрлері қатысуда.

Сондай-ақ елдердің инвестицияға, кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, ірі кәсіпкерлер мен инвесторлар келген. 

Шара барысында түркітілдес елдер арасындағы пандемиядан кейінгі сауда және экономикалық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жобалардың тұсаукесері болады. Сондай-ақ экономикалық жаңа жобалар да таныстырылады. 

Ескере кететін, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 11-12 қарашада өтетін VIII саммитіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт қатысады. 

Жиын барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылмақ. 
Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу