Ыстанбұлда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммиті басталды

1071

Түркі кеңесі елдерінің көшбасшылары саммит қорытындысы бойынша ұйымның болашағы туралы маңызды шешім қабылдайды.  

Ыстанбұлда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммиті басталды

Ыстанбұлда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммиті басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ыстанбұл маңындағы "Демократия және Бостандық" аралында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесі көшбасшыларының VIII саммиті басталды.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өтіп жатқан саммитке Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев және Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысуда. "Цифрлық дәуірдегі жасыл технологиялар мен ақылды қалалар" ұранымен ұйымдастырылған саммитке Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан мен Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев те келген.

Түркі кеңесі елдерінің көшбасшылары саммит қорытындысы бойынша ұйымның болашағы туралы маңызды шешім қабылдайды.

Бірінші кезекте Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінде Түркіменстанның бақылаушы мәртебесі талқыланады.

Сонымен қатар ұйымның атауын Түркі мемлекеттері ұйымына өзгерту жоспарлануда. Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің жарғысы жаңартылады. Әріптес және бақылаушы елдердің мәртебесі де нақтыланатын болады.

Сондай-ақ Түркі кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дайындалған "Түркі келешегі – 2040" тұжырымдамасын бекіту жоспарлануда.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу