Ыстанбұлдағы Айя-София мешітінің астынан құпия жолдар табылды

1127

Шетелдік БАҚ-та суреттер пайда болды.

Ыстанбұлдағы Айя-София мешітінің астынан құпия жолдар табылды Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Ыстанбұл қаласындағы Айя-София мешітіне жүргізілген қазба жұмыстары кезінде жер асты туннельдерінің желісі табылды. Олардың ұзындығы жарты шақырымға жуықтайды. Бұл туралы Euronews жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тарихи ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары кезінде алты жерасты бөлмесі, тоғыз туннель табылған. Басылымның мәліметінше, олардың кейбірі VI ғасырдан да ерте кезеңге жатуы мүмкін. Осы уақытқа дейін 420 метр жерасты туннельдері тазартылды.

Түркияның CNN Türk телеарнасы ғасырлар бойы топырақ пен өзге де материалдардың астында жатқан аумақтардағы жерасты галереялары мен жүргізіліп жатқан жұмыстардың кадрларын алғаш рет көрсетті, деп жазады Euronews.

Түркия билігі жариялаған деректерге сәйкес, ескерткіштің екі учаскесінен, атап айтқанда, Уәзір бағы мен батыс бақ тарихи мешітті күтіп-ұстау және қалпына келтіру жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі саналады.

Ыстанбұлдағы Айя-София мешіті – Византия мен Осман сәулет өнерінің әйгілі ескерткіші. 2020 жылы қайтадан мешіт мәртебесін алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу