Ыстанбұлдағы БҮО үш кеменің Украина порттарынан шығуын ұйымдастырды

553

Бірлескен үйлестіру орталығы (БҮО) "межелі жерге келіп түскен астық қайта өңдеуден өтіп, кейін басқа елдерге жіберілуі мүмкін" деп атап өтті. 

Ыстанбұлдағы БҮО үш кеменің Украина порттарынан шығуын ұйымдастырды Фото: gordonua.com

Бейсенбіде Украина порттарынан үш кеме шықты, оның ішінде БҰҰ-ның Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасымен алдыртқаны бар, деп хабарлайды Inbusiness.kz Бірлескен үйлестіру орталығы мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"8 желтоқсанда үш кеме Украина порттарынан кетті, олар Қара теңіз астық бастамасы аясында барлығы 103 600 тонна астық пен басқа да азық-түлік тасымалдайды", - делінген хабарламада.

8 желтоқсанда теңіз гуманитарлық дәлізі арқылы өткен төрт құрғақ жүк Украина порттарына жіберіледі.

"8 желтоқсандағы жағдай бойынша Украинаның үш портынан экспортталған астық пен басқа да агроөнімдердің жалпы салмағы 13 300 883 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта барлығы 1069 кеменің қозғалысына рұқсат етілді: Украина порттарына келуге 536 және одан шығуға 533", - деп түйіндеді БҮО.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу