Ыстанбұлдағы лаңкестік шабуылға қатысы бар тағы бір азаматтың фотосы жарияланды

711

Түркия шаһарындағы террористік актқа қатысы бар 59 адам ұсталды.  

Ыстанбұлдағы лаңкестік шабуылға қатысы бар тағы бір азаматтың фотосы жарияланды Фото: aa.com.tr

Жергілікті ІІМ дүйсенбіде алты адамның өмірін қиған Ыстанбұлдағы лаңкестік шабуылға қатысушының суретін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz AA сілтеме жасап.

Суретте іздеуде жүрген Билал Хасан РКК - YPG террористік ұйымының сириялық қанатының символикасымен түскен.

Ыстанбұлдағы Истиклал жаяу жүргіншілер көшесіндегі жарылысты тергеу аясында Түркияның Бас прокуратурасы 59 адамның ұсталғаны туралы хабарлады, оның 24-і сот шешімімен қамауға алынды.

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Twitter-де Билал Хасанның ағасы ұсталғанын айтты.

Прокуратураның мәліметінше, Түрік шаһарындағы лаңкестік шабуыл Сирияның солтүстігінде жұмыс істейтін YPG / РКК лаңкестерінің басшыларының нұсқауымен ұйымдастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу