Ыстанбұлда тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды 24Хабар.
Алдын ала ақпарат бойынша жергілік сағат 11:16 минутта Ататүрік халықаралық әуежайынан ұшып шыққан Sikorsky S-76 тікұшағы 5 минут өтпей жатып, Буюкчекмедже ауданындағы мұнараға соқтығысқан. Бортта 2 ұшқыш пен 5 жолаушы болған. Аудан мэрі Хасан Акгюннің айтуынша, оқиға орнында 5 адам қаза тапты. Ресейдің Сыртқы Істер министрлігі апаттан опат болған бес адамның төртеуі Ресей азаматтары екенін растады. Қазір тікұшақ құлаған жер қоршалып, көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Аумаққа тек жедел жәрдем мен өрт сөндіру техникалары жіберіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу