Ыстанбұлдағы ұшақ апатынан екі қазақстандық зардап шекті – СІМ

1171

Еліміздің Ыстамбұлдағы Бас консулдығы берген мәліметі бойынша, олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілген.

Ыстанбұлдағы ұшақ апатынан екі қазақстандық зардап шекті – СІМ

Ыстанбұлдағы ұшақ апатынан зардап шеккендер қатарында Қазақстанның екі азаматы бар, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Еліміздің Ыстамбұлдағы Бас консулдығы берген мәліметі бойынша, олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілген.

"Бұл жағдай Бас консулдықтың бақылауына алынып, азаматтарымызға қажет көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылдануда",– делінген ведомство таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше жергілікті уақытпен сағат 18.00-де Ыстамбұл әуежайында жолаушылар ұшағы сәтсіз қонып, ұшу-қону жолағынан шығап кеткен еді.

Соңғы ақпараттар бойынша, 3 жолаушы қаза болған. Ал ұшақтағы 183 адамның 179-ы зардап шеккен: екеуі бала, алтауы – экипаж мүшесі. 

Қазір тергеу жүргізіліп, апаттың себебі анықталып жатыр.

Pegasus әуе компаниясына тиесілі ұшақ жайсыз қонғаннан кейін әуежайдағы қоршауға соғылған, әуе кемесі 3-ке бөлініп, артынша от шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу