Ыстанбұлға барарда туристке нені білу керек?

475

Жақында болған лаңкестікке байланысты арнайы шектеулер енгізілді. 

Ыстанбұлға барарда туристке нені білу керек? Фото: google

Бұл туралы inbusiness.kz lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жақында қалада болған лаңкестік әрекеттен кейін Ыстанбұл билігі Бейоғлы ауданындағы туристерге танымал Истиклал көшесінде қоғамдық және мәдени шараларға тыйым салды. 25 қараша қала тұрғындары мен қонақтарына енгізілген шектеулер туралы БАҚ арқылы ескертілді.

"Қайғылы оқиғадан кейін Ыстанбұл губернаторы Али Ерликая Истиклал көшесіндегі қауіпсіздікті, бейбітшілік пен тәртіпті сақтау және жаяу жүргіншілердің ағынын жеделдету үшін қабылданатын шаралар туралы жарлық шығарды", — делінген Hürriyet газеті мақаласында.

Уақытша шектеулер үстелдер, орындықтар, тақталар, дүңгіршектер, жылжымалы маңдайшалар мен стендтер орнатуға тыйым салады. Сондай-ақ көше саудасына, әлеуметтік, мәдени немесе коммерциялық іс-шараларды ұйымдастыруға, ұжыммен немесе жеке көшеде ән салуға, қойылымдар мен көрмелерге де рұқсат етілмейді.

Теракт 13 қарашада Ыстанбұлдағы ең үлкен туристік Истиклал көшесінде болды. Үлкен жарылыста алты адам қаза тауып, 80-нен астам адам жарақат алды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу