Ыстық аптап арты жаңбырға ұласады

594

Оңтүстік циклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде 9 тамыз күні ауа райының құбылып тұруына ықпал етеді. 

Ыстық аптап арты жаңбырға ұласады

"Қазгидромет" РМК-ның таратқан мәліметтерге қарағанда, 9 тамыз күні еліміздің көп аймағына жауын жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерге бұршақ түсуі де мүмкін. Республиканың орталығында күшті жел тұрады. Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел күшейіп, Қостанай облысында түнде және таң ата бірқатар өңірге тұман түседі.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Батыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстарының бірқатар өңірінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз жел 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде және Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу