Ыстық судан ажыратылған тұрғындар Алматының кіреберісіндегі жолды жаппақ болды

203

Тұрғындар ыстық судың болмауына байланысты наразылық білдірген.

Ыстық судан ажыратылған тұрғындар Алматының кіреберісіндегі жолды жаппақ болды Фото: www.ult.kz/post

Әлеуметтік желіде Алматы кіреберісіндегі Алматы-Бішкек тасжолын жабуға талпынған "Асыл Арман" тұрғын үй кешені тұрғындарының бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Тұрғындар ыстық судың болмауына байланысты наразылық білдірген. Бейнежазба ыстық судың өшкеніне 1 ай болғаны айтылады. Аталған жағдайға байланысты Қарасай ауданының әкімдігі мәлімдеді жасады.

— Техникалық ақау салдарынан "Асыл арман" тұрғын үй кешеніне (Іргелі ауылы) суық су берудің уақытша тоқтатылуына байланысты тұрғындардың жиыны өтті. Оқиға орнына аудан әкімдігінің өкілдері мен полиция қызметкерлері келді. Тұрғындар келіссөздер нәтижесінде жолды жабудан бас тартты. Қазір апат орнында мамандар жабдықты қайта бағдарламалау жүйесін аяқтады. Сонымен қатар, қуаттылығы жоғары су сорғысы ауыстырылды, - деп хабарланды әкідіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу