Ыстық сумен клизма жасаған медбикелер жұмыстан қуылды

967

 Ал зардап шеккен баланың әкесі арыз жазып, қылмыстық іс қозғауды талап етіп отыр.

Ыстық сумен клизма жасаған медбикелер жұмыстан қуылды

10 айлық балаға ыстық сумен клизма жасаған медбикелер жұмыстан қуылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкенттегі жұқпалы ауруханаға түскен бүлдіршін жансақтау бөліміне жөнелтілген. Ал зардап шеккен баланың әкесі арыз жазып, қылмыстық іс қозғауды талап етіп отыр.

"Баламен қазір жұмыс жасап жатырмыз. Жағдайы жаман емес. Кішкентай гранулация жүріп жатыр. Жағдайы жақсарып келеді. Қалыпқа келу үшін 10-15 күн керек. Ешқандай асқынулар қалмайды", – дейді Шымкент қалалық жұқпалы аурухананың бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаев.

Айта кетейік, күйік шалған балаға 2 бірдей медбике клизма жасаған. Бірінің тәжірибесі 10 жылдық болса, екіншісінің жұмысқа келгеніне енді ғана 1 жыл толған. Дәрігерлердің айтуынша жансақтау бөлімінде жатқан бүлдіршін 10-15 күнде үйіне қайтуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу