Ыстықкөлде 500-ге жуық үй мен бірнеше пансионат су астында қалды

234

Тасқын судан Ыстықкөл ауданының Бұлан-Соготту, Корумду және Темір ауылдары зардап шекті. 

Ыстықкөлде 500-ге жуық үй мен бірнеше пансионат су астында қалды Фото: Константин Михальчевский

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында жауған нөсер жаңбыр селге ұласып, 497 тұрғын үй мен бірнеше пансионат су астында қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, Ыстықкөл ауданының Бұлан-Соготту, Корумду мен Темір ауылдары, сондай-ақ "Ыстықкөл Аврора", "Аврора+", "Нептун", "Симирам", "Карвен 4 маусым" пансионаттары тасқын сулардан зардап шеккен.

Апат салдарын жоюға ТЖМ қызметкерлері, азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Ыстықкөл және Тоң аудандарында 18 тамыздан бастап ТЖ режимі жұмыс істейді.

Сел ағындарының түсуі нәтижесінде Ыстықкөл облысындағы кейбір жолдарда қозғалыс шектелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу