"23 қарашада қорытынды береміз. Біз БАҚ өкілдерін жинап тергеп-тексерудің қорытындысын жариялаймыз. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр", - деді Юрий Ильин Үкімет кулуарында.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапты.
ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі ("Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалғаны мәлім.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу