Фристайл-могулдан Лейк-Плэсидте өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева топ басында келеді, деп жазады Olympic.kz.
Галышева 75.24 ұпаймен – 1-орында. Олимпиада чемпионы, франциялық Перрин Лафон – 2 (75.22), австралиялық Джакара Энтони – 3-сатыда (74.21).
Өкінішке қарай, Аяулым Әміренова 35-орынмен іріктеуден өткен жоқ.
Ерлер арасында Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд финалдық кезеңге қатысу мүмкіндігін иеленді.
Финалдық бәсеке 18 қаңтар күні өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу