Қазақстандық фристайлшы, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева Тазавакодағы (Жапония) әлем кубогының соңғы кезеңінде суперфиналға шыға алмады, деп хабарлайды vesti.kz.
Бірінші финалдық кезеңде қазақстандық спортшы 7-орын алды. Нәтижесінде жүлделі орынға таласатын спортшылар санатына енбей қалды.
Ерлер арасында Дмитрий Рейхерд 3-орын алды. Павел Колмаков жарысты іріктеу кезеңінде аяқтады.
Айта кетейік, қазақстандық фристайлшылар Олимпиада ойындарынан кейін алғашқы жарысына қатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу