Юлия Галышева фристайл-могулдан Алматыда өткен әлем кубогі кезеңінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Биылғы әлем чемпионы суперфиналда 79.69 ұпаймен бірінші орын иеленді.
Күміс жүлде франциялық Перрин Лаффонның, қола медаль канадалық Жюстин Дюфур-Лапуанттың еншісінде.
Лаффон финалда 79.11 ұпай жинаса, Лапуант 76.64 ұпаймен үздіктер үштігін қорытындылаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу