Юлия Галышева спорттық мансабын қашан аяқтайды?

843

Фристайлшы желідегі жазбасына түсініктеме берді.  

Юлия Галышева спорттық мансабын қашан аяқтайды?

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева инстаграм парақшасында өзімен бірге осы жолды жүріп өткен жанкүйерлеріне алғысын білдірген жазба жариялады. Көпшілік мұның сырын түсінбей, спортшыны сан сауалдың астына алды. Спортшы Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырған брифингте жазбасына қатысты түсініктеме берді, деп жазды inbusiness.kz.

"Бұл менің өмірімдегі үлкен кезең болды. Мен мансабымды аяқтаймын деп айтқан жоқпын. Мен жанкүйерлерге және осы күнге дейін менімен бірге осы жолмен жүріп өткендердің барлығына алғыс білдірдім", – деп түсіндірді Юлия Галышева.

Спортшы ойыннан кейін алған әсерімен бөлісті.

"Менің эмоцияларым түсінікті, неге сол сәтте ренжідім? Жарысты соңына дейін аяқтай алмағандықтан ренжідім. Бірдеңе кедергі болды деп айта алмаймын. Бұл жерде ешқандай кедергі болды деп айта алмаймын. Бәрі тек өзіме байланысты болды", – деп бөлісті фристайлшы.

Еске сала кетсек, 2022 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадада Юлия Галышева могулдан екінші финалға шықты, бірақ медальдар ойнатылатын үшінші финалға шығу үшін ұпайы жеткіліксіз болды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу