Юлия Галышева желтоқсан айының үздік спортшысы атанды

870

 Ол 58,40 пайыз дауыспен бірінші орынға шықты.

 Юлия Галышева желтоқсан айының үздік спортшысы атанды

Қазақстан ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында желтоқсан айының үздік спортшысына дауыс беру аяқталды. Нәтижесінде, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Юлия Галышева желтоқсан айының үздік спортшысы атағына ие болды, деп хабарлайды olympic.kz.

Әдеттегідей үздік атануға 5 спортшы үміткер болды. Олар: Юлия Галышева (фристайл-могул), Дмитрий Баландин (жүзу), Ермек Айназаров (каратэ), Дархан Асадилов (каратэ), Артем Захаров (тректегі велоспорт).

Дауыс беру бүгін, 30 желтоқсан күні сағат 10:00-де тоқтатылды. Дауыс беру нәтижесінде Юлия Галышева жеңіске жетті. Ол 58,40 пайыз дауыспен бірінші орынға шықса, Ермек Айназаров 34,04 пайызбен екінші орынға тұрақтады. Ал 2,47 пайыз дауыс жинаған Артем Захаров үздік үштікті қорытындылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу