Қазақ спорт және туризм академиясы Пхенчхян Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышеваға қошемет көрсетті, деп хабарлайды 24.kz.
Ол осы академияның түлегі, қазіргі кезде магистратурада білімін арттырып жатыр.
Олимпиада жеңімпазының айтуынша, ол алдағы екі олимпиадаға қатысуды жоспарлап отыр. Өткен жылы академия жанынан білікті бапкерлер мектебі ашылған еді. Галышеваға осы мектепте білім алуы үшін арнайы грант берілді. Енді тәжірибелі спортшы жарыс пен шәкірт тәрбиелеуді ұштастырмақ.
"Сәуірде жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа Юлия бапкер ретінде қатысуға ниет білдірді. Сол сында ол жаттығу мен жаттықтырудың айырмашылығын анық сезінеді", - дейді фристайлдан Қазақстан құрама командасының жаттықтырушысы Елена Круглыхина.