Юлия Галышеваның бапкеріне "Құрмет" ордені табысталды

1128

Бас бапкер қазақ спортындағы өткен жылғы өзгерістердің өз жемісін беріп жатқанын айтып, Олимпиада алдындағы жоспарлармен бөлісті. 

Юлия Галышеваның бапкеріне "Құрмет" ордені табысталды

Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаев фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елена Круглыхинамен кездесу өткізді. Басқосуда әлем чемпионы Юлия Галышеваның бапкеріне "Құрмет" ордені табысталды, деп хабарлайды  оlympic.kz.

Бас бапкер қазақ спортындағы өткен жылғы өзгерістердің өз жемісін беріп жатқанын айтып, Олимпиада алдындағы жоспарлармен бөлісті. 

"Әрине, жаңа жүйе қолданысқа енген соң, аздаған қиыншылықтар кездесті. Бұл табиғи процесс. Бірақ қазір біздің спортта айтарлықтай өзгеріс бары байқалады. Қазіргі сәтте қандай да бір проблема жоқ, бәрі ыңғайлы. Жұмыс барысында қажетті жайттардың барлығы дер кезінде шешімін табады", – дейді Круглыхина. 

"Могулдан команда алдындағы басты міндет – Олимпиада ойындарына ерлер құрамын толық апару. Төртжылдық додасына әр командадан 4 әйел мен 4 ер адам қатысуына мүмкіндік бар. Біз қыздар санын да көбейтуге тырысамыз. Бүгінде ұлттық құрамаға іріктеу жүргізіліп жатыр. Ал ерлер командасы толығымен жасақталды, сондықтан, лицензия санын төртке жеткіземіз деген үміт басым. Еліміздегі ең мықты деген спортшыларды әлем кубогі кезеңдері мен әлем чемпионатына қатыстырудамыз", – дейді бас бапкер. 

Сондай-ақ, белгілі маман әлем чемпионатындағы есте қаларлық жайттарды да атап өтті. 

"Әлем чемпионатына біз қарқынды дайындық жүргіздік. Былтырғы мамырдан бастап команда құрамын жасақтай бастады. Біз әлем жанкүйерлеріне команда көшбасшыларынан бөлек, талантты жас дарындарымыз барын да көрсеткіміз келді. Мұның бәрі Галышева, Колмакова және Рейхердтің алаңсыз сынға түсуі үшін жасалды. Осылайша, біз әлемдік могулдан алар үлесіміз бар екенін дәлелдедік", – деді Круглыхина. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу