Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогінде жекелей сында 15-ші жеңісіне қол жеткізді

782

Бұл – еліміздің теннисшілері арасындағы рекордтық нәтиже, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. 

Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогінде жекелей сында 15-ші жеңісіне қол жеткізді

Осыған дейін Қазақстан әйелдер құрамасының қазіргі капитаны Ярослава Шведова мен Зарина Диястың еншісінде 14 жеңістен бар еді. Юлия Билли Джин Кинг додасында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бүгін ол Германияның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анжелика Керберді 3:6, 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Бұл оның Кербермен өзара кездесулеріндегі алғашқы ұтысы еді.

"Бірінші болып сынға түсу қашанда қиын. Бастапқыда абыржығандықтан, өзіме-өзім келе алмадым. Бірінші сет соңында соққыны сезіну керектігін түсіндім. Сосын Анжеликаның осал тұстарын табуға тырыстым. Ашық қалған жерлерді көздеп, оны көбірек жүгіртуді ойладым. Бұл тактикам жүзеге асты. Мұндай матчта әрбір ұпай маңызды. Ертеңгі ойында да барымызды саламыз", – деді Путинцева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу