Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Юлия Путинцева Брисбен (Аустралия) турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Соған қарамастан, матч тартысты өрбіді.
Бірінші партияда есеп 5:4 болған мезетте Путинцева брейк жасай білді - 6:4. Ол екінші сетті де жеңіспен тәмамдай алды - 6:3.
Бәсеке 1 сағат 41 минутқа созылды.
Юлия іріктеу сайыстарының жартылай финалында америкалық Мэдисон Бренгл немесе украиналық Катарина Завацкаяның біреуімен шеберлік байқасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу