Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Бәсекені украиналық теннисші қарқынды бастады – 6:1.
Одан кейін Ю. Путинцева қарымта қайтара алды – 6:2, 6:1. Ол екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта 2 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 5 брейкпен шектелді.
Енді, Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 88-ракеткасы, америкалық Клэр Льюмен таласады.
Еске салайық, Юлия Путинцева 2021 жылы Будапеште чемпион атанған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу