Юлия Путинцева Хобартта ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды

380

Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Юлия Путинцева Хобартта ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды Фото: ktf.kz

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 45-ракеткасы, италиялық Элизабетта Кочареттомен сынға түсті.

Бірінші партияда италиялық спортшы бет қаратпады – 6:0. Кочаретто екінші сетте де 5:2 есебімен алда тұрып, матчқа доп берді. Дегенмен бұдан кейін Путинцева қатарынан бес геймді алды – 7:5. Үшінші, шешуші партияда есеп 5:4 болған мезетте италиялық теннисші тағы да матчқа доп бергенімен, Юлия қайыра брейк жасады. Ақыры ол тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

Юлия Путинцева ширек финалына шығу үшін әлемнің 35-інші, доданың 5-ракеткасы, чехиялық Мария Боузкова немесе рейтингіде 90-сатыдағы швейцариялық Виктория Голубичтің біреуімен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу