Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке қарсы келді.
Осыған дейін екі кездесуде де Ига басым түскен еді.
Бұл жолы бірінші партияда И.Швентек айқын басымдылық көрсетті – 6:1. Ол екінші партияда да сол қарқынынан танған жоқ – 6:2.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу