Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Қытайдағы Гуанчжоу WTA 250 турнирінде өнер көрсетеді.
Теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 213-орында тұрған қытайлық Ю Сяодимен кездеседі. Жергілікті теннисшіні жеңген жағдайда әлемнің 76-ракеткасы, даниялық Клара Таусонмен ширек финалға шығу үшін таласады.
Өткен аптада Ю.Путинцева жұптық сында ресейлік Анна Калинскаямен бірге Осака (Жапония) WTA 250 додасының финалисі атанған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу