Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Гуанчжоу (Қытай) WTA 250 турнирін жеңіспен бастады.
Теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 123-орында тұрған корт иесі Ю.Сяодимен өткізді. Тартысты бәсекенің бірінші партиясында Ю.Путинцева 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде есеп 6:0 болды.
Бір сағат 41 минутқа созылған кездесуде Юлия 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, даниялық Клара Таусонмен сынға түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу