Юлия Путинцева Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 37-ракеткасы, қытайлық Юань Юэмен сәтті өткізді.
Бірінші партияда Юлия екі брейкпен қарсыласының қадамын аштырмады – 6:2.
Есесіне екінші сетте қытайлық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Бірақ Путинцева дер кезінде жинала білді – 6:4.
Бір сағат 27 минутқа созылған бәсеке барысында ол 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Юань Юэ 1 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді.
Путинцеваның екінші айналымдағы қарсыласы бұдан да азулы болмақ. Ол әлемнің 8-ракеткасы, тағы бір қытайлық Чжэн Циньвэньмен сынға түседі.
Жарысты екінші айналымнан бастайтын Елена Рыбакина италиялық, әлемнің 46-ракеткасы Лючия Бронцетти немесе рейтингіде 91-орындағы франциялық Варвара Грачеваның біреуімен кездеседі.