Юлия Путинцева Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына өтті

287

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемнің 36-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен сынға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Юлия Путинцева Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына өтті Фото: ktf.kz

Бірінші партияда Путинцева 4:0 есебімен алға кетті. Қарсыласына бір брейк беріп қойғанымен, өз дегеніне жетті – 6:4.

Екіншісінде есесіне Калинина алға шықты – 4:1. Дегенмен Юлия таразы басын теңестіре білді – 4:4. Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:5).

Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін кезінде дүниежүзілік рейтингіде көш бастаған, қазір 32-орындағы Беларусь өкілі Виктория Азаренко немесе әлемнің 30-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэти Бултердің қай жеңгенімен шеберлік байқастырады.

Қазақстандық теннисші қазірдің өзінде WTA Live рейтингісінде 52-орынға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу