Юлия Путинцева Окленд турнирінде қарсыласына асе жіберді

357

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 35-інші, жарыстың 6-ракеткасы, қытайлық Ван Синьюймен кездесті.

Юлия Путинцева Окленд турнирінде қарсыласына асе жіберді Фото: ktf.kz

Қазақстанның екінші, әлемнің 63-ракеткасы Юлия Путинцева Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 35-інші, жарыстың 6-ракеткасы, қытайлық Ван Синьюймен кездесті.

Бірінші партия барысында Ю.Путинцева алға шыққанымен, сол басымдығын сақтап қала алмады — 4:6.

Екінші сетте де В.Синьюй есесін жібермеді — 7:5.

Бір сағат 44 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қытайлық спортшы 2 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың алтауын қалт жібермеді.

Ю.Путинцева 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Осылайша Юлия Путинцева үшін жылдың алғашқы жарысы сәтсіз аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу