Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда франциялық Леолия Жанжанмен бақ сынасты.
Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде Ю.Путинцева 8 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді.
Қазақстандық спортшы жартылай финалға шығу үшін мысырлық Маяр Шериф немесе аргентиналық Юлия Риера – екі спортшының бірімен бәсекеге түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу