Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің финалына шыға алмады

473

Шешуші айқаста сербиялық Ольга Данилович пен америкалық Эмма Наварро кездеседі.

Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің финалына шыға алмады Фото: olympic.kz

Қазақстанның екінші, әлемнің 56-ракеткасы Юлия Путинцева Бастад (Швеция) челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингте 94-орында тұрған сербиялық Ольга Даниловичпен шеберлік байқасты.

Бірінші партия 6:4 есебімен сербиялық теннисшінің еншісіне жазылса, екіншісінде Ю.Путинцева бет қаратпады, есеп 6:0 болды. Алайда үшінші, шешуші сетте жеңіліп қалды – 2:6.

О.Данилович финалда әлемнің 55-інші, доданың 1-ракеткасы, америкалық Эмма Наварромен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Елена Рыбакина Онс Жаберден жеңіліп қалғанын жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу