Қазақстанның екінші, әлемнің 56-ракеткасы Юлия Путинцева Швецияның Бастад қаласында челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 524-орында тұрған швециялық Лиза Заармен өткізді.
Ю.Путинцева бұл матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 125-ракеткасы, америкалық Кэти Волынецпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакина мен Анна Данилина Уимблдон ширек финалына жолдама алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу