Юлия Путинцева WTA рейтингісінде ТОП-50-ге жақындады

312

Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шығуы нәтижесінде Путинцева 68-ден бірден 52-орынға көтерілді. 

Юлия Путинцева WTA рейтингісінде ТОП-50-ге жақындады Фото: RRaketkasi

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингісінде 52-орынға көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шығуы нәтижесінде Путинцева 68-ден бірден 52-орынға көтерілді.

Юлия Путинцева осы аптада Чарльстон (АҚШ) WTA 250 жарысында өнер көрсетеді. Оның алғашқы қарсыласы – аустралиялық Арина Родионова. Аринаны жеңсе, екінші айналымда украиналық Леся Цуренко күтіп тұр.

Майами додасының финалисі Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде өзінің 4-орнын сақтап қалды. Үздік үштікте өзгеріс жоқ: Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь), Коко Гауфф (АҚШ).

Ерлер арасында ATP рейтингісінде Александр Бублик 18-сатыда қалса, Александр Шевченко 58-ден 56-ға жоғарылады. Михаил Кукушкин – 134, Денис Евсеев 182-сатыда, Бейбіт Жукаев 201-сатыда, Дмитрий Попко 240-сатыда, Тимофей Скатов 277-сатыда тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу