Юлия Путинцева жұптық сында Осака турнирінің жартылай финалына жолдама алды

385

Қазақстандық теннисші ресейлік Анна Калинскаямен бірге ширек финалда ұлыбританиялықтар Нэйкта Бэйнс – Майя Люмсденмен кездесті.

Юлия Путинцева жұптық сында Осака турнирінің жартылай финалына жолдама алды Фото: ktf.kz

Қазақстандық Юлия Путинцева жұптық сында Осака (Жапония) WTA 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анна Калинскаямен бірге ширек финалда жарыстың 3-ракеткалары, ұлыбританиялықтар Нэйкта Бэйнс – Майя Люмсденмен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:1, 6:4 есебімен басым түсті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында олар 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Ұлыбританиялық дуэт 2 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ю.Путинцева – А.Калинскаяның жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Юлия жекелей сында да доданы жалғастыруда. Ол ширек финалда әлемнің 39-ракеткасы, қытайлық Синьюй Ванмен шеберлік байқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу