Юлия Якупбаева ҰКП Төралқасы жанындағы туристік сала комитетіне басшы болды

685

"Атамекен" ҰКП Төралқасының туристік сала комитеті кезекті отырыс өткізіп, онда комитет мүшелері дауыс беру арқылы бірауыздан жаңа төрағаны сайлады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰКП сайтына сілтеме жасап.

Юлия Якупбаева ҰКП Төралқасы жанындағы туристік сала комитетіне басшы болды

2018 жылдан бері комитетті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев төрағалық етті. Юлия Якупбаева бұған дейін "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Жиын барысында Павел Казанцев комитет қызметін қорытындылап, әріптестеріне жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, төраға қызметіне сайлау үшін Юлия Якупбаеваның кандидатурасын ұсынды. Бірауыздан қабылданған шешіммен Юлия Якупбаева төрайым болып сайланды.

"Комитеттер құрылып жатқанда алғашқылардың қатарында туристік сала комитеті құрылды. Алғашқы төрағаның сайлануы да көз алдымда. Міне араға 8 жыл салып, мен кезекті жиналысқа қатысып отырмын. Бірінші кезекте Павел Олеговичке жұмысқа адалдығы мен еліміздің табиғатына жанашырлығы үшін алғыс білдергім келеді. Табиғатты аяламай туристік салаға жетекшілік ету мүмкін емес. Мен Ұлттық палатада жұмысты қатар бастаған білікті маман Юлия Константинованың жаңа қызметіне табыс тілеймін", – деп құттықтады комитет мүшелерін "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Жиында жаңа төрайым ағымдағы жылға міндеттерді белгіледі. Атап айтқанда, комитет саланы цифрландыру, туристік маршруттарды жетілдіру, "Жанды сабақтар" жобасын дамыту бойынша жұмысты жалғастырады.

 "Пандемия саланы трансформациялады. Бірақ барлық қиындыққа қарамастан туристік нарыққа қатысушылардың бірлігі нығайды, біз жаңа мүшелер мен жаңа трендтерді таптық. Туризм ақпараттық асимметриядан өтіп, цифрлық форматқа ауысты. Бұған дейін біз айтып жүрген инфрақұрылым цифрлық инфрақұрылымға айналды. Осы бағыттарды дамытамыз. Көрші елдер туристің пофилін нақты біледі: ол не үшін келді, мүмкіндіктері қандай. Міне осы ақпаратқа сүйеніп, туристік дамытудың стратегиясын құрады. Менің ойымша, бізде цифрландыру жүргізу және түгендеу, лагерьлер, туристік бағыттар болатын бірыңғай платформа құру бойынша барлық әлеует бар. Біз  "Жанды сабақтар" тәжірибесін жалғастырамыз: гидтерді дайындау, отандық туристер және шетелдік қонақтарға да сатуға болатын жаңа туристік өнімдерді дамыту. Алда бірлесіп атқаратын шаруамыз көп", – деді Юлия Якупбаева.

Ұлттық палатада туристік саланы дамыту мәселелеріне басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев жетекшілік етеді.

Юлия Якупбаева 1977 жылы Алматы қаласында туған.

Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын аяқтады (1998 г.)

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ұлттық банкі Қаржы қадағалауы департаментінен бастады, онда жетекіші маманнан бас маманға дейін 4 жыл жұмыс істеді. 

2002-2007 жж. Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы секторы департаментінің директоры.

2007-2011 жж. – Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының Басқарушы директоры.

2011-2012 жж. – Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының Кеңесі Басқарма Төрағасының орынбасары.

2012-2013 жж. – "Атамекен" Одағы" ҚҰЭП басқарма мүшесі–Басқарушы директор, Қаржы секторы, салық салу, тариф белгілеу және бәсекелестік секторға жетекшілік етті. 

2013 жыл қараша 2014 жыл қазанға дейін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасының кеңесшісі.

Тәуелсіз директор-бірқатар компаниялардың директорлар кеңесінің мүшесі ("Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ, "Қазақ туризмі" ҰК" АҚ) лауазымдарын атқарды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Басқарма мүшесі болды.

2017 жылдан Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық Кеңесінің мүшесі.

2014 жыл қазаннан 2019 жыл сәуірге дейін "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары.

2017 жыл ақпаннан 2018 жыл тамызға дейін – Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығын басқарды.

2019 жылдың сәуір айынан қыркүйек айына дейін "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасының кеңесшісі болды.

Мемлекеттік және қоғамдық наградалардың иегері. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Құрмет грамотасы, "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл", "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медальдары, "Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының "Мерей" қоғамдық ордені, "Атамекен" ҚР ҰКП "Ісіне адалдығы үшін" ІІ дәрежелі медалімен марапатталған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу