ЮНЕСКО Бас конференциясының келесі жылғы сессиясы Самарқанд қаласында өтеді

343

Ол 1985 жылдан бері алғаш рет Парижден тыс жерде өткізілмек. 

ЮНЕСКО Бас конференциясының келесі жылғы сессиясы Самарқанд қаласында өтеді  Фото: pixabay.com

Самарқанд қаласы 2025 жылы өтетін ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясын өткізу орны ретінде таңдалды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Өзбекстанның Газета.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетсек, соңғы сессиялар ұйымның штаб-пәтерінде өтті. Себебі, ұйымға мүше мемлекеттердің ешқайсысы конференцияны өз аумағында өткізуге шақырту алмаған.

Іс-шара ұйымның штаб-пәтері орналасқан Парижден тыс жерде 1985 жылдан бері алғаш рет ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, қыркүйек айының басында өзбек президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева Өзбекстанның Самарқандта өтетін ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясын өткізуге дайын екенін хабарлады.

Еске сала кетейік, 2021 жылы ЮНЕСКО-ға мүше бірде-бір мемлекет Бас конференцияны оның 42-сессиясын өткізуге шақырмағандықтан, өткізу орны ретінде Париждегі штаб-пәтер таңдалған. Алдыңғы конференциялар да ұсыныстардың жоқтығына байланысты Франция астанасында өткен болатын.

Сондай-ақ, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев барлық шетелдік достары мен серіктестеріне конференцияны Самарқандта өткізу туралы тарихи шешімді қолдағаны үшін алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу