ЮНЕСКО-да жылқыны қолға үйретудегі Ұлы дала рөлі талқыланды

1031

ЮНЕСКО штаб пәтерінде "Equus: Жылқы тарихы" деректі фильмі көрсетілді.

ЮНЕСКО-да жылқыны қолға үйретудегі Ұлы дала рөлі талқыланды

Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Франциядағы елшісі – ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев көпшіліктің назарын атқа міну мәдениетінің бүкіл әлемге біздің атамекенімізден тарағанына аударды деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Дипломат халықаралық қоғамдастықта елімізге, оның әсем табиғаты мен көне мәдениетіне қызығушылықтың артып келе жатқанын айтып, жиналғандарды елімізді көруге шақырды.

"Атқа міну мәдениеті адамдардың құрлық үстімен жаппай көшіп қонуына жол ашты және сол арқылы идеялар мен құндылықтардың алмасуына, әрі Жібек жолы тамаша мысалына айналған мәдиениеттер ықпалдасуына жол ашты" – деді ЮНЕСКО бас директорының орынбасары Нада Аль-Нашиф.

Фильм жылқы мәдениеті мен атқа мінудің Париж тұрғындарының арасындағы көптеген әуесқойлары бар жалпы саны 400-ден асқан қомақты аудиторияға жақсы әсер етті.

Айта кетсек, ЮНЕСКО штаб пәтеріндегі көрсетілім бір ай бұрын Түркістаннан басталып, 14 елдің аумағымен 9 мың километр кесіп үлгерген "Ұлы дала" автожорығы аясында ұйымдастырылды. Ауқымды жоба енді Испанияның астанасы Мадридте жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу