ЮНЕСКО сессиясында Маңғыстаудың жерасты мешіттеріне қатысты шешім қабылданады

288

19–29 шілде аралығында өтетін жиынға әлемнің 196 мемлекетінен шамамен 3 мың делегат, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қатысып жатыр.

ЮНЕСКО сессиясында Маңғыстаудың жерасты мешіттеріне қатысты шешім қабылданады Фото: Қырғызстанның мәдениет министрлігі

Корея Республикасының Пусан қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сессияның ашылу рәсіміне Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мён мен ЮНЕСКО-ның бас директоры Халед Әл Анани қатысты. Жиын барысында Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу үшін ұсынылған 30 жаңа номинация қаралып, мәдени және табиғи мұра нысандарының сақталуына қатысты 147 есеп талқыланады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, еліміздің делегациясы Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі ретінде сессия жұмысына белсенді қатысуда.

"Сессия барысында Қазақстан ұсынған "Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен байланысты киелі нысандар" номинациясын қарау жоспарланып отыр", – делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудағы бірегей жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу бағытындағы жұмысты бастауды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу