ЮНИСЕФ балалар қорының ең жас елшісі тағайындалды

1018

ЮНИСЕФ балалар қорының ең жас елшісі тағайындалды

Сирияның 19 жастағы Музун Алмеллехан есімді қызы ЮНИСЕФ балалар қорының ең жас ерікті елшісі атанды. Сонымен қатар, осы қызметке тағайындалған әлемдегі алғашқы босқын, деп хабарлайды kazislam.kz.

"Музунның батылдығы мен рухани күш-қуаты бізді таң қалдырады. Біз оның ЮНИСЕФ-тің елшісі болғанын мақтан тұтамыз" деп мәлімдеді БҰҰ балалар қоры атқарушы директорының орынбасары Джастин Форсит. Алмеллехан өз кезегінде БҰҰ-дағы жаңа жұмысына қарулы қақтығыс аймақтарында зардап шеккен балаларға көмек көрсету мүмкіндігі туғаны және өз қатарластарының білім алу мүмкіндігіне қол жеткізу үшін қуанышты екенін атап кетті.

2013 жылы Алмеллехан отбасымен бірге Сириядан Иорданияға бас сауғалап келіп, лагерде бірнеше жыл өмір сүреді. Осы жерде бойжеткен қыз балалардың білім алу құқығы үшін күрес жүргізе бастайды. БҰҰ балалар қоры оның бастамаларына қолдау көрсетеді. Нәтижесінде, Музун Алмеллехан Ұлыбританияға шақырылып, жаңа қызметке тағайындалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу