Қақтығыс басталғалы Газа секторында 5,3 мыңнан астам палестиналық бала қаза тапты. Бұл туралы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) атқарушы директоры Кэтрин Рассел мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол анклавтағы атысты тоқтату керектігін алға тартты.
"Үзіліс жарияланғанға дейін 48 күн ішінде үздіксіз бомбалау салдарынан 5,3 мыңнан астам палестиналық бала қаза тапты. Жоғалған және үйінді астында көміліп қалғандар қаншама. Егер атыс тоқтамаса, біз күн сайын жүздеген бала ажал құшады", – деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу