ЮНИСЕФ Ирак аураханаларына 17 миллион доллар бөлуді сұрады

803

 ЮНИСЕФ Ирак аураханаларына 17 миллион доллар бөлуді сұрады

БҰҰ-ның халықаралық балалар қоры Ирактағы бүлінген ауруханалар мен емханаларды қайта қалпына келтіру үшін әлем қауымдастығын 17 миллион доллар қаржы бөлуге шақырды, деп хабарлайды kazislam.kz. 

Үндеу осы мемлекетке қатысты Кувейтте өтетін халықаралық конференция алдында жасалды. Мамандардың айтуынша, бұл лаңкестерден бас сауғалап, босып кеткен тұрғындардың үйіне оралуына қажетті алғышарттың бірі. 

Мысалы, арнайы операция жүргізілген Мосул қаласында ауруханалардың тек 10 пайызы ғана аман қалған. Осы аймақта 750 мың бала дәрігерлік көмекке мұқтаж. Жалпы ресми дерекке сүйенсек, қазіргі дейін 2 жарым миллионнан астам адам үйіне оралмаған. 

Ал ел билігінің мәлімдеуінше, қақтығыстан берекесі қашқан мемлекетті қалпына келтіру үшін 100 миллиард доллар қаржы қажет екен. 

"Бүгінде 1 миллион алты жүз мың тұрғыны бар Мосул қаласы да ондағы ауруханалар да лаңкестерден азат ету кезінде қатты қирап бүлінген. Тек кей ғимараттар ғана аман қалған. Бірақ онда ешқандай қызмет көрсетілмейді", - дейді Ирактағы ЮНИСЕФ өкілі Питер Хокинс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу