ЮНИСЕФ Йеменге гуманитарлық көмек жеткізді

880

ЮНИСЕФ Йеменге гуманитарлық көмек жеткізді

Йеменде 11 млн-ға жуық бала гуманитарлық көмекке мұқтаж. Бұл туралы Солтүстік Африка және Таяу Шығыстағы ЮНИСЕФ өкілі Геерт Каппелаэри мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан. 
"Йемен балалар үшін Жер бетіндегі ең қолайсыз аймақтардың бірі. Мен балалардың атынан барлық тараптан Йеменге гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік жасауын сұраймын. Өйткені қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілмесе, бұл бүлдіршіндердің өміріне үлкен қауіп төнеді",- деді ол Аммандағы конференцияда.
Сауд Арабиясы бастаған одақтас елдердің шектеуі салынған Йемен астанасы Санаға гуманитарлық көмек жеткізілді. БҰҰ-ның балалар қоры апарған жүкте жұқпалы індеттерге қарсы 600 мың балаға екпе дәрілер бар. Алайда ұйым өкілі бұл заттар жеткіліксіз, елдегі жағдай өте ауыр дейді. Өйткені қазір Йеменде 20 миллион тұрғын азық-түлікке зәру. Оның 7 миллионы ашаршылық алдында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу