ЮНИСЕФ өкілі Германия билігінің қазақстандық әйелдің баласын тартып алуына қатысты пікір білдірді

1415

Неміс билігінің мәліметіне сәйкес, анасы баласын мектепке барар алдында жазалаған көрінеді. Кішкентай қыз ол туралы мектепке айтып барған.

ЮНИСЕФ өкілі Германия билігінің қазақстандық әйелдің баласын тартып алуына қатысты пікір білдірді Фото: inform.kz

Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Юрий Оксамитный Германия билігінің қазақстандық әйелдің баласын тартып алуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Әрине бала өз отбасында ата-анасымен тұруға тиіс. Баланы отбасынан тартып алу шешімі баланың мүддесін қорғау үшін қабылданды деп есептейміз. Үлкендердің мәселесін бала арқылы шешуге болмайды. Бұл Қазақстан 20 жыл бұрын қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенцияда жазылған", - деді Юрий Оксамитный Астанада Еуропа және Орталық Азия ұлттық статистикалық бюроларының жиналысында журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ЮНИСЕФ нақты оқиғаларды тексерумен айналыспайды.

"Біз балалардың құқығын қорғау, дамыту бойынша бірқатар мәселелерді стратегиялық және саяси деңгейде қарастырамыз. Германиядағы оқиғамен сыртқы істер министрлігі мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл айналысады. Менің ойымша, оқиғаның барлық егжей-тегжейін ескерген жөн. Кей адамдар оқиғаның анық-қанығына көз жеткізбестен, мәлімдеме жасап жіберуі мүмкін. Сондықтан, әріптестерім мен әлеуметтік қызметкерлерді балаға қатысты мәселені толыққанды тексеруге шақырамын", - деді  Юрий Оксамитный.

ЮНИСЕФ өкілі балалардың ересек адамдардай болған оқиғаны нақты сипаттап бере алмайтынын атап өтті.

"Сондықтан, психолог, әлеуметтанушы, прокуратура өкілі - барлық қызметкерлер арнайы дайындалуы тиіс. Яғни, бала үлкен қолдаумен бірге өз өміріне қатысты сұрақтарды толық түсінгені жөн. Мұнда қазақстандық мамандардың шетелдік өкілдермен белсенді жұмыс істеуін қолдаймыз. Бұл тұрғыда үлкен табыстарға қол жеткіздік. Азаматтық қоғам ашық бола түсті. Қазір бір нәрсені жасырып қалу қиын.  Асықпай, болған оқиғаны мұқият тексерген жөн. Біз Қазақстанда отырып, Германияда нақты не болғанын білмейміз. Бірақ, Қазақстан өкілдерінің бұл мәселені шешіп, барлық сұрақтарға жауап алатынына сенімдімін", - деп өз сөзін түйіндеді Ю. Оксамитный.

Бұған дейін ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германия билігінің Қазақстан азаматшасының қызын тартып алғанын хабарлаған еді. 

Неміс билігінің мәліметіне сәйкес, анасы баласын мектепке барар алдында жазалаған көрінеді. Кішкентай қыз ол туралы мектепке айтып барған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу