ЮНКТАД: Қазақстан таза тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің ең жоғарғы өсімін көрсетті

708

Қазақстан өтпелі экономикасы бар елдер арасында таза ТШИ өсу қарқыны бойынша бірінші орында тұр. Бұл туралы ЮНКТАД-тың Инвестициялар жөніндегі дүниежүзілік баяндамасында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЮНКТАД: Қазақстан таза тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің ең жоғарғы өсімін көрсетті

"COVID-19 пандемиясының әлем экономикасына теріс әсеріне қарамастан, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өтпелі экономикасы бар 17 елдің және теңізге шыға алмайтын 34 елдің ішінде таза тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) көлемінің ең жоғарғы өсімін көрсетті. Бүкіл әлемде олардың жалпы көлемінің 2005 жылдан бері ең төменгі көрсеткішке дейін үштен бірге қысқаруы аясында Қазақстанда өткен жылға қарағанда таза ТШИ 34,9%-ға көп тартылды. Мұндай деректер БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) "Инвестициялар жөніндегі дүниежүзілік баяндамасында" көрсетілген", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу