Осылайша, шетелдік агент ретінде өз міндеттерін орындаудан жалтарды делінген журналист Юрий Дудь сырттай қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы ТАСС басылымы кеңінен жазды. Соттың баспасөз қызметі қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы Юрий Дудь Ресейге экстрадицияланған немесе елде ұсталған сәттен бастап екі айға тағайындалғанын түсіндіріп өтті.
ТАСС дереккөздеріне сүйеніп, құқық қорғау органдарының нақтылағанына көз жүгіртсек, журналиске халықаралық іздеу жарияланып үлгерген.
Еске салайық, Юрий Дудьті Әділет министрлігі 2022 жылдың 15 сәуірінде шетелдік агенттердің тізіліміне енгізген еді.
Іс 1 шілдеде басталған. Юрий Дудь "иноагент" ретінде танылған, оған шетелдік азаматтық және қаржылық есеп беру міндеттемелері қойылды. Ол бұларды жиі бұзып, әуелі әкімшілік жауапқа тартылған болатын.