Юрий Ильин Ақмола облысындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралады

947

Төтенше жағдайлар министрі Ақмола облысының Аршалы және Целиноград аудандарын аралап шықты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Юрий Ильин Ақмола облысындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралады

Баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Ю. Ильин Есіл өзеніндегі, Астана су қоймасындағы, Астана контрреттегішіндегі, Жібек Жолы ауылындағы, 42-разъездегі жағдаймен танысты.

Бұл аумақтарды қар басып жатыр. Астана су қоймасы мен Есіл өзенінің акваториясында мұз әлі ерімеген. Су қоймасында ағыс байқалмайды. Мұз жылжу қаупі әзірше жоқ.

"Қазгидромет" РМК ғарыштық мониторингінің деректері бойынша республикада қар жамылғысының ауданы – 45%. Қазір Қарағанды және Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстік аудандары мен Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының барлық дерлік аумағында қар жамылғысы жоқ. Бұған дейін "Қазгидромет" алдағы тәулікте күн 28 градусқа дейін жылынып, 8 өңірде өзен суы көтерілетінін болжады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу