Юрий Ильин өндірістік апаттардың негізгі себептерін атады

948

Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша елдегі қауіпті өнеркәсіптік нысандарда апат жағдайларының көбейгені байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Юрий Ильин өндірістік апаттардың негізгі себептерін атады

"Кейінгі жылдары қауіпті өнеркәсіптік нысандарда апат жағдайларының шамамен 15 пайызға өсу тенденциясы байқалады. Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, өндірістегі техногенді апаттардың туындау қаупі әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Биыл қауіпті өнеркәсіптік нысандарда 11 апат пен 146 оқиға тіркелді. Оның салдарына 5 адам зардап шекті", - деді Юрий Ильин Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, қауіпті өнеркәсіптік нысандардағы апаттардың негізгі себептері мынадай: өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтамау, пайдаланылатын құрылғылардың қатты тозуы, жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібінің төмендігі.

"Өндірістік қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол бермес үшін тексеру қорытындысы бойынша инспекторлар жедел шараларды қабылдайды. Әкімшілік іс қозғайды. Ескерту жасалып, апаттарды тергеу жұмыстары жүргізіледі", – деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу