Юрий Ильин табиғи өрттерге бақылау жүргізуді күшейтуді тапсырды

507

Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин табиғи өрттерге бақылау жүргізуді күшейтуді тапсырды, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап.  

Юрий Ильин табиғи өрттерге бақылау жүргізуді күшейтуді тапсырды Фото: gov.kz

Ведомство басшысы Юрий Ильиннің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

"Табиғи өрттер аса таралған проблема болды және солай қалып отыр. Биыл өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап 800 орман және 111 дала өрті тіркелді", - деді ол.

Министрдің сөзінше, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне орман өрттерін ертерек анықтау жүйесін қолдану тәжірибесін күшейту қажет. Бүгінде бұл жүйе тек "Бурабай" табиғи паркі аумағында орнатылған.

Юрий Ильин Үкімет басшысының өрт және авиациялық техниканың су алуы үшін табиғи және жасанды су айдындарын жасау туралы тапсырмасы басты назарда екенін атап өтті.

Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісовтің айтуынша, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау мақсатында биыл 15 мыңнан астам рейд жүргізілген. Оның нәтижелері бойынша 1,5 мыңнан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жергілікті атқарушы органдарға елдімекендердің өрт қауіпті кезеңге дайын еместігі туралы 1,7 мыңнан астам ескерту берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу