Юрий Красножан: Қазақстанның жастар құрамасында талантты жігіттер өсіп келеді

801

Юрий Красножан: Қазақстанның жастар құрамасында талантты жігіттер өсіп келеді

Ресейлік маман Юрий Красножан "Матч ТВ" арнасына берген сұқбатында Қазақстан құрамасынан не үшін кеткенін айтып берді, деп хабарлайды kaz.vesti.kz.
54 жастағы маман Қазастан құрамасының тізгінін 2014 жылдың 5 наурызында ұстап, 2015 жылдың 13 қазанында бұл қызметтен кеткен еді. Бұл уақыттың ішінде ол Ұлттық құрамамызбен 17 кездесу өткізіп, 3 кездесуде жеңіске жетсе, алты ойында тең ойнап, жеті ойында жеңіліс тапты. 
2016 жылы Франция жерінде өткен Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңінде Красножанның бастамасымен Қазақстан құрамасы бес ұпай жинап, А тобында Латвияның алдына түсіп, бесінші орынға жайғасты. 
"Қазақстан құрамасымен келісімшартыңызды неге ұзартпадыңыз?" - деген сұраққа маман: "Қазақстанда жұмыс істеу мүмкін емес. Ешқандай жағдай жасалмайды. Ойын өткізу бір бөлек. Бірақ осы ойындарға дайындалу керек қой. Ойындарға дайындалу үшін жүйені ауыстыру керек. Жолдастық кездесу өткізу үшін де. Тіпті жолдастық кездесулерді дұрыс ұйымдастыра алмаған соң, мұндай жерде жұмыс істей алмайтыныңды түсінесің", - деп жауап берді.

"Мен қызметіме ең алғаш кіріскен күннен және жұмысымнан кеткенге тапсырмалар әртүрлі болды. Басында құрама сапына жас футболшыларды көп тарту керек деген. Бірақ бұл процесске көп уақыт кетеді. Қазақстанның жастар құрамасында талантты жігіттер өсіп келеді. Оларды көбірек ойнату керек. Міне, осылар құрама сапында жасы келген ойыншылардың орнын басу керек еді. Алайда Қазақстанда бұл процесс тым ұзаққа созылып кетті", - деді ол сұқбат барысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу